АҚШ-та тәулік ішінде екі әуе апаты тіркелді
Сурет: бейнежазба скриншоты
KYMA-DT мәліметінше, әуе кемесі Нью-Бедфорд аймақтық әуежайына қонуға тырысқан, алайда "ұшқыш әуежайға ұшу жоспарын да, борттағы адамдар санын да хабарламаған".
"Массачусетс штатындағы Дартмут қаласындағы I-195 штатаралық тас жолының бөлгіш жолағында шағын ұшақ апатқа ұшырап, жанып кетті. Кемінде екі адам қаза тапты", – делінген ақпаратта.
Штаттың көлік департаменті оқиға салдарынан тас жолдың екі бағыты да жабылғанын мәлімдеді.
Әлеуметтік желілерде қайғылы оқиға болған жерден түсірілген бейнелер таралуда.
We're following the story of this morning's deadly plane crash in Dartmouth. Coming up at 4, what 12 News learned from eyewitnesses who saw the crash and its aftermath.
— WPRI 12 (@wpri12) October 13, 2025
Background: https://t.co/s9j5NgWqJ0 pic.twitter.com/qdo2LCq5DC
Бұған дейін Техаста жеке ұшақ апатынан екі адам қаза тапқанын жазғанбыз.