Әлеуметтік желілерде жәбірленушінің пышақ жарақаттарынан көз жұмғаны жазылды. Құқық қорғау органдары бұған дейін күдіктінің оқиға орнынан көп ұзамай анықталып, ұсталғанын хабарлаған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Кейін полиция оқиғаның жаңа мән-жайын жариялады.
"Алдын ала анықталғандай, күдікті – марқұмның бұрынғы бірге тұрған адамы. Олардың мекеме ішінде ата-ана құқығынан бас тарту мәселесіне байланысты жанжал туындаған", – деп хабарлады Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.