Қазақстанда 2026 жылдың соңына қарай көлік бағасы арзандауы мүмкін

Фото: pixabay
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев 2026 жылғы 4 қарашада Үкіметтегі баспасөз мәслихатында Қазақстанда автокөлік бағасы қалай өзгеретінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің мәлімдеуінше, Қазақстанда автокөлік өндірісі жыл сайын артып келеді. Мәселен, 2025 жылы 171 мың көлік шығарылса, 2026 жылы 191 мың автомобиль өндіру жоспарланып отыр.

"Жалпы, Қазақстанда өндірілген автокөліктердің бағасы төмендеп жатыр. Менің білуімше, соңғы бірнеше айда шамамен 11 пайызға арзандаған. Оның үстіне, түрлі акциялар да өтіп жатыр. Бағаның төмендеу үрдісін байқап отырмын", – деді ол.

Сонымен қатар министр жыл соңында автокөлік бағасына әсер ететін тағы бір факторға тоқталды.

"Сіз автокөлік әуесқойы ретінде жақсы білесіз, жыл соңына жақындаған сайын сол жылы шығарылған модельдер ескіре бастайды. Яғни, адамдар 2027 жылғы көліктерді сатып алуға тырысады. Қазір қараша, желтоқсан айларында жеңілдіктер болатыны түсінікті. Меніңше, көлік бағасы төмендейді", – деп түйіндеді Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің басшысы.

Еске салайық, 2026 жылғы 2 қарашада қазақстандықтар елге қандай автокөліктерді әкеле алатыны белгілі болған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Ондай жан енді қайталанбайды": Баян Алагөзова Меруерт Өтекешеваға тағы да ерекше ықыласын білдірді

Әсел Жанасова Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі болып тағайындалды

Қазақстанның курорттық аймағында психотроптық препараттар таратылған

Ақтөбедегі Неке сарайындағы әйелдің өліміне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды

Айдос Сарым Президент Жолдауын тарихи міндеттерді айқындайтын құжат деп таныды