Маңғыстаудағы әскери жаттығу кезіндегі қайғылы оқиға: Бас прокуратура тергеу барысын жариялады

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Бүгін, 2026 жылғы 5 қарашада Қазақстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметі Маңғыстау облысында әскери жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табуына қатысты тергеу барысы туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, Ішкі істер министрлігінің (ІІМ) әскери-тергеу органдары қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр.

Сондай-ақ қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған бірқатар тергеу әрекеті жүргізілген.

"Бүгінгі таңда 300-ден астам адамнан жауап алынып, 30-дан астам сот сараптамасы мен зерттеу жүргізілді", – делінген ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бас прокуратура тергеу аясында қызметіне салғырт қарау және кеме жүргізу қағидаларын бұзу күдігі бойынша сот санкциясымен сегіз лауазымды тұлғаның қамауға алынғанын еске салды.

Олардың қатарында:

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды.

"Жақын арада тергеу әрекеттерін аяқтап, қылмыстық процеске қатысушыларды іс материалдарымен таныстыру жоспарланып отыр", – деп сендірді Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

"Тергеу барысы Бас прокуратураның ерекше бақылауында", – делінген хабарламаның қорытынды бөлігінде.

Оқиға қалай болған еді?

2026 жылғы 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында әскери-теңіз жаттығулары кезінде 17 әскери қызметшіні Каспий теңізіне ағызып әкеткен. Олардың үшеуін құтқару мүмкін болды, ал 14 әскери қызметші қаза тапты.

25 қыркүйекте Ішкі істер министрлігі қайғылы оқиғадан кейін қызметіне салғырт қарау және кеме жүргізу қағидаларын бұзу белгілері бар қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікпен Қарулы күштердің жоғары және аға командалық құрамындағы жауапты лауазымды тұлғалардың ұсталғанын хабарлады. Олардың қатарында ҚР Қарулы күштері Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының штаб бастығы – бірінші орынбасары, екі әскери бөлімнің командирі, теңіз жаяу әскері ротасының және катер командирлері болған.

2026 жылғы 26 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия туралы" өкімге қол қойды.

Ал 5 қазанда комиссияның отырысы өтіп, онда Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға Қарулы күштерде қордаланған жүйелі мәселелерді анықтағаны айтылды.

Тексерудің бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша қылмыстық қудалау органдары Қорғаныс министрлігі ұйымдары мен бөлімшелерінің қызметіндегі мемлекеттік мүлікті жымқыру, лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану және өзге де заң бұзушылықтар деректері бойынша 13 қылмыстық іс қозғаған.

Қазақстан
ҚР Бас прокуратурасы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған