Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігіне арналған халықаралық саммит өтіп жатыр

Сурет: akorda.kz
2026 жылғы 6 қарашада Астанада Ақаба процесі аясында "Жасанды интеллект саласындағы қауіпсіздік" тақырыбына арналған халықаралық саммит өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың Telegram-арнасында жарияланды.

Жиынға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Иордания Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Әзербайжан Ұлттық жиналысының спикері Сахиба Гафарова, Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев және басқа да ресми тұлғалар қатысып жатыр.

Айта кетейік, Ақаба процесі – Иордания Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн 2015 жылы бастамашылық еткен терроризм мен зорлықшыл экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық бастама.

Бұл алаңда мемлекет басшылары, арнайы қызметтер мен әскери ведомстволардың жетекшілері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері бас қосып, қауіп-қатерлерге қатысты ортақ түсінік қалыптастыру және оларға қарсы нақты шараларды үйлестіру мәселелерін талқылайды.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен мұғалім жазаланды

Қазақстанға қоныс аударатын қандастар мемлекеттік субсидияны қалай ала алады

Қарин: Соңғы жылдары Қазақстан азаматтығынан шығуға ниет білдірушілер санының азаю үрдісі сақталып отыр