Метеорологтердің мәліметінше, биыл қазан айы Қазақстанның басым бөлігінде әдеттегіден жылы болды. Ел аумағының көп бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 1-4°C жоғары тіркелді.
Тек Шығыс Қазақстан облысында, Абай облысының оңтүстігінде және оңтүстік-шығыстың жекелеген аудандарында ауа температурасы нормадан шамамен 2°C төмен болды.
Жауын-шашын мөлшері де өңірлерге қарай әртүрлі болды. Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын климаттық нормадан аз түсті.
"Алайда солтүстік, солтүстік-шығыс, шығыс, оңтүстік және орталық өңірлердің басым бөлігінде, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың жекелеген аудандарында жауын-шашын мөлшері нормадан 1,3-2,2 есе көп болды, – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.