Қазақстанда қазан айы әдеттегіден қалай ерекшеленді: синоптиктер қорытынды жасады

Осень, осенняя погода, желтые листья, листопад, осенний сезон, осенний лес, осенний парк, парк осенью, лес осенью, роща Баума, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2026 18:15 Фото: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы қазан айының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Метеорологтердің мәліметінше, биыл қазан айы Қазақстанның басым бөлігінде әдеттегіден жылы болды. Ел аумағының көп бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 1-4°C жоғары тіркелді.

Тек Шығыс Қазақстан облысында, Абай облысының оңтүстігінде және оңтүстік-шығыстың жекелеген аудандарында ауа температурасы нормадан шамамен 2°C төмен болды.

Жауын-шашын мөлшері де өңірлерге қарай әртүрлі болды. Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын климаттық нормадан аз түсті.

"Алайда солтүстік, солтүстік-шығыс, шығыс, оңтүстік және орталық өңірлердің басым бөлігінде, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың жекелеген аудандарында жауын-шашын мөлшері нормадан 1,3-2,2 есе көп болды, – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: