Синоптиктер мамырдың алғашқы күндеріне болжам жасады
Фото: Zakon.kz
Мамандардың мәліметінше, 2026 жылғы 1-3 мамыр аралығында еліміздің үш ірі қаласында күн 30 градусқа дейін жылынады. Алайда кей өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшеюі мүмкін.
Астана
1 мамырда құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Күндіз шаңды дауыл болжанып отыр. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +10…+12, күндіз +27…+29 градус болады.
2 мамырда құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +6…+8, күндіз +16…+18 градус.
3 мамырда жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты болады. Жел екпіні секундына 14 метрге дейін. Ауа температурасы түнде +4…+6, күндіз +18…+20 градус.
Алматы
1 мамырда құбылмалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Жел екпіні секундына 15 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +13…+15, күндіз +26…+28 градус.
2 мамырда да өткінші жаңбыр мен найзағай болады. Желдің екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +13…+15, күндіз +25…+27 градус.
3 мамырда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей уақытта желдің екпіні секундына 15-18 метрге дейін күшеюі мүмкін. Ауа температурасы түнде +13…+15, күндіз +23…+25 градус.
Шымкент
1 мамырда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +15…+17, күндіз +28…+30 градус.
2 мамырда кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +14…+16, күндіз +21…+23 градус.
3 мамырда ара-тұра жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні секундына 14 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +12…+14, күндіз +19…+21 градус.