Астана, Алматы, Шымкент: Алдағы мерекелік демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
Астана
16 желтоқсан - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: -17°C...-19°C, күндіз: -8°C...-10°C.
17 желтоқсан - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: -15°C...-17C°, күндіз: -6°C...-8°C.
18 желтоқсан - аспан бұлтты, аракідік қар жауады. Оңтүстіктен соққан желдің екпіні - 9-14 м/с, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: -10°C...-12°C, күндіз: -3°C...-5°C.
Алматы
16 желтоқсан - аспан бұлтты, күндіз қар жауады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: -11°C...-13°C, күндіз: -4°C...-6°C.
17 желтоқсан - күн райы құбылмалы, түнде қар жауады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -8°C...-10°C, күндіз: -2°C...-4°C.
18 желтоқсан - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Жел екпіні - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде: -6°C...-8°C, күндіз 0°C...-2°C.
Шымкент
16 желтоқсан - күн райы құбылмалы, аракідік жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз: -1°C...-3°C.
17 желтоқсан - аспан бұлтты, түнде қар жауады. Оңтүстік-шығыс соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: -3°C...-5°C, күндіз: +1°C...+ 3°C.
18 желтоқсан - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: -1°C-3°C, күндіз: +6°C...+ 8°C.