Қазақстан құрамасы Шотландияда керлингтен іріктеу турнирінде өнер көрсетуді бастады

Сурет: olympic.kz
Шотландияның Абердин қаласында ерлер командалары арасында керлингтен әлем чемпионатына іріктеу турнирі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасы жарыс аясында алғашқы екі кездесуін өткізді.

Алғашқы ойында отандастарымыз Дания құрамасын 5:3 есебімен жеңсе, екінші кездесуде Түркияға 3:6 есебімен жол берді.

Айта кетейік, Қазақстан А тобында өнер көрсетіп жатыр. Бұл топта Австрия, Норвегия, Түркия, Дания, Испания, Мексика және Гонконг құрамалары өнер көрсетеді. Екі ойыннан кейін ұлттық құраманың еншісінде бір жеңіс пен бір жеңіліс бар.

Ел намысын Абылайхан Жүзбай, Әділ Жұмағожа, Айдос Аллияр, Мадияр Қорабаев және Дмитрий Гарагуль қорғап жатыр.

Іріктеу турниріне барлығы 16 құрама қатысып, екі топқа бөлінген. 2027 жылғы әлем чемпионатына алты команда жолдама алады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Польша Президентіне көңіл айтты

ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығы: Шымкентте "Ордабасы" командасының чемпиондығына орай салтанатты жиын өтті

"Бұл – махаббат емес". ІІМ адамды аңдып, қудалағаны үшін жауапкершілік барын ескертті

Жалақыдан ұсталатын салықты есептеу жеңілдейді: Қазақстанда жаңа сервис іске қосылады

Қазақстанның төрт өңірінде жаңбыр аралас қар жауып, қарлы боран соғады: 9 қарашаға арналған жол болжамы