Ekaraganda.kz басылымының Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазуынша, жедел жәрдем диспетчері оқиға туралы 6 қарашада хабарлаған. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Алдын ала мәлімет бойынша, ерлі-зайыптылар арасында жанжал шығып, оның барысында ер адам әйеліне пышақ сұққан. Зардап шеккен әйел ауруханаға жеткізілді.
"Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу жүріп жатыр", – деп хабарлады ведомство.