Павлодар облысында автомеханик клиентінің көлігін мініп, жол апатына ұшырады

Сурет: pixabay
Павлодар облысында мас автомеханик өзгенің көлігін рұқсатсыз айдап кетіп, рөлге ие бола алмай, аударып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Pavlodar-online басылымының жазуынша, оқиға Ертіс ауданында болған. Көлікті жөндеп болған шебер оны иесіне қайтарудың орнына, рөлге отырып, серуендеп қайтуды ұйғарған.

"Автомеханик мас күйде болған және жүргізуші куәлігі болмаған. Салдарынан көлік аударылып кеткен. Көлікті ұрлау мақсатынсыз заңсыз иемдену дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар сот ер адамға 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады", – деп хабарлады полиция.

Полицияның түсіндіруінше, көлікті жөндеуге беру шеберге оны иесінің рұқсатынсыз жеке мақсатта пайдалануға құқық бермейді. Өзгенің көлігін өз бетінше мінгені үшін заң бойынша жауапкершілік қарастырылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Польша Президентіне көңіл айтты

ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығы: Шымкентте "Ордабасы" командасының чемпиондығына орай салтанатты жиын өтті

"Бұл – махаббат емес". ІІМ адамды аңдып, қудалағаны үшін жауапкершілік барын ескертті

Жалақыдан ұсталатын салықты есептеу жеңілдейді: Қазақстанда жаңа сервис іске қосылады

Қазақстанның төрт өңірінде жаңбыр аралас қар жауып, қарлы боран соғады: 9 қарашаға арналған жол болжамы