Алматыда нөсер жауып, жылбысқы қар түсуі мүмкін – әкімдік шұғыл ескерту жасады

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматыда 10 қараша күні кешке басталатын жауын-шашын 12 қарашаға қараған түнге дейін созылады деп күтілуде. Осыған байланысты 2026 жылғы 10 қарашада қала әкімдігі тұрғындар мен қала қонақтарын сақтық шараларын ұстануға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК болжамына сәйкес, қаланың кей аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Алматының жоғарғы бөлігінде жылбысқы қар түсуі мүмкін.

Жауын-шашын 11 қарашаға қараған түні күшейеді. Қалада 20 миллиметрге дейін, ал таулы аудандарда 30 миллиметрге дейін жауын-шашын түсуі мүмкін. Күндіз тағы 5–7 миллиметр жауын-шашын түседі деп күтілуде. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетуі ықтимал. Синоптиктердің болжамынша, 12 қарашаға қараған түні де жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі.

Әкімдіктің мәліметінше, ауа райының нашарлауына байланысты қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшті.

Қаланың жекелеген аумақтарын су басудың алдын алу және оның салдарын жою үшін құрамында барлығы 1 579 адам бар 85 жедел бригада кезекшілік атқарады. 415 техника, 97 мотопомпа және 2 950 қап құм дайындалған.

Бұдан бөлек, қаланы күнделікті тазалап, күтіп ұстау жұмыстарына 3 080 жол жұмысшысы мен 1 225 арнайы техника жұмылдыру көзделген.


"Қала тұрғындары мен қонақтарын қолайсыз ауа райында сақ болуға шақырамыз. Жүргізушілерге жылдамдықты азайтып, қауіпсіз арақашықтықты сақтауға және көлікті су жиналуы мүмкін жерлерге қалдырмауға кеңес береміз. Мүмкіндігінше тауға баруды кейінге қалдырған жөн. Жел күшейгенде ағаштардың түбінде тұрмаңыздар, жарнама құрылымдары мен электр желілеріне жақындамаңыздар", – деп ескертті Алматы әкімдігі.

Қала қызметтері ауа райын қадағалап, жауын-шашын салдарынан туындауы мүмкін жағдайларға жедел ден қоюға дайын екенін мәлімдеді.

Бұған дейін Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 11 қарашаға дауылды ескерту жариялаған еді. Департаменттің мәліметінше, қалада жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі. Кей уақытта жауын-шашын күшейіп, ауа температурасы күрт төмендейді деп күтілуде.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда 10 қарашада күн +20°C-қа дейін жылып, келесі күні қар жауады

Тоқаев: Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес

Ақтөбеде студенттің жатақханадан құлап қаза табуына қатысты сот басталды

Леопард пальтосы сәнге қайта оралды

Мәскеуден Алматыға ұшқан SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонды