Ұлттық банк бөліп төлеу нарығын реттемек: қазақстандықтар нені білуі керек?

Фото: freepik
Қазақстанда бөліп төлеу қызметтеріне жаңа талаптар енгізілуі мүмкін. Ұлттық банк банктен тыс ұйымдар ұсынатын мұндай қызметтердің шарттарын ашық көрсетуді, жарнамаға талап қоюды және бөліп төлеу туралы ақпаратты кредиттік бюроларда есепке алу мәселесін қарастырып жатыр.

Бұл бастама азаматтардың борыш жүктемесін бақылауға және тұтынушылардың құқығын қорғауға бағытталған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бөліп төлеудің қандай түрлері бар?

Ұлттық банк Төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин бөліп төлеу нарығын дамыту және оны реттеудің ықтимал тәсілдері туралы негізгі сұрақтарға жауап берді.

Оның түсіндіруінше, BNPL (Buy Now, Pay Later – "қазір сатып ал да, кейін төле") жүйесі тауарды немесе қызметті бірден сатып алып, ақысын бірнеше бөлікке бөліп төлеуге мүмкіндік береді. Әдетте, сатып алынған заттың құны төрт бірдей төлемге бөлінеді.

Ал дәстүрлі бөліп төлеу бұдан кеңірек ұғым. Мұнда сатып алушы тауардың немесе қызметтің ақысын белгілі бір мерзім ішінде бөліп төлейді. Бұл ретте пайыздық сыйақы ашық түрде есептелмейді.

Ұлттық банк неліктен бұл нарыққа назар аударды?

Бөліп төлеуге сұраныс артқан сайын нарықта қаржылық емес ұйымдар ұсынатын жаңа өнімдер көбейген. Олардың кейбір белгілері тұтынушылық кредиттерге ұқсайды.

Осыған байланысты 2026 жылғы қыркүйекте Ұлттық банк бөліп төлеу нарығының дамуына арналған талқылау құжатын жариялады. Оның мақсаты – нарықтың ауқымын бағалау, ықтимал тәуекелдерді анықтау және нарық қатысушылары мен тұтынушылардың пікірін білу.

Алайда сөз кез келген кейінге қалдырылған төлем туралы болып отырған жоқ. Мәселен, үй жанындағы дүкеннің тауар ақысын кейін төлеуге рұқсат беруі бұл талқылаудың негізгі нысаны емес.

Ұлттық банк шарт негізінде рәсімделетін, төлем кестесі мен мерзімдері алдын ала белгіленген, төлем кешіктірілген жағдайда айыппұл қарастырылған бөліп төлеу қызметтеріне назар аударып отыр.

Бөліп төлеудің қандай қаупі бар?

Ұлттық банк өкілінің айтуынша, бөліп төлеу де адамның қаржылық міндеттемесіне жатады және оның борыш жүктемесін арттырады.

Мәселе мынада: қаржылық емес ұйымдармен жасалған мұндай мәмілелердің басым бөлігі кредиттік тарихта көрсетілмейді. Сонымен қатар оларға қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қатысты қолданыстағы талаптар жүрмейді.

Салдарынан тұтынушы айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеу тәртібін толық түсінбеуі мүмкін. Ал азаматтың жалпы қанша қарызы бар екені өзіне де, басқа кредиторларға да толық мәлім болмайды.

Кредиттік бюроларда мұндай міндеттемелер туралы ақпарат болмаса, олардың нақты көлемін бағалау және борыштың шамадан тыс жиналу қаупін дер кезінде анықтау қиынға соғады.

Бөліп төлеуге қандай талаптар енгізілуі мүмкін?

Ұлттық банк талқылау құжатының жариялануы бұл қызметтерге шектеу қойылады дегенді білдірмейтінін атап өтті. Басты мақсат – нарықтың ашықтығын арттырып, тұтынушылардың құқығын қорғау.

Алдын ала бағалау бойынша, реттеудің бірнеше бағыты қарастырылып жатыр:

Бұл өзгерістер бөліп төлеу қызметінің бағасы мен көлемін шектеуге бағытталмаған. Ұлттық банк қызмет көрсетушілердің, сауда орындары мен тұтынушылардың мүдделерін ескеруге ниетті. Бұл тауарлардың қымбаттап кетпеуі және халық үшін қолжетімді болып қалуы тұрғысынан маңызды.

Реттеудің нақты тетіктері, жаңа талаптар қолданылатын ұйымдардың тізімі мен өзгерістерді әзірлеу мерзімдері ведомствоаралық келісу және басқа да қажетті рәсімдер аяқталған соң айқындалады.

Ұлттық банкке қандай ұсыныстар түсті?

Талқылау құжатына қатысты пікірлер мен ұсыныстар 2026 жылғы 3 қарашаға дейін қабылданды. Дегенмен Ұлттық банк осы мерзімнен кейін де ұсыныстарды қарауға дайын.

Қазірдің өзінде салалық қауымдастықтар, маркетплейстер, сауда кәсіпорындары мен тұтынушылар өз пікірлерін жолдаған.

Бұдан бөлек, Ұлттық банк құқық қорғаушылардың, тұтынушылар құқығын қорғау саласындағы сарапшылардың, бөліп төлеу қызметін көрсететін ұйымдар мен кәсіби бірлестіктердің, сондай-ақ сауда компанияларының ұсыныстарын күтеді.

Ұсыныстар бөліп төлеудің әртүрлі түрлеріне қатысты болуы мүмкін. Атап айтқанда, тауарларды бөліп төлеуге сатып алу, автокөлікті кейін сатып алу құқығымен жалға алу және құрылыс компанияларынан жылжымайтын мүлікті бөліп төлеу арқылы алу мәселелері де қаралады.

Барлық пікір мен ұсыныс сарапталған соң, қорытындысы жинақталып, жарияланады. Ұсыныстарды bnpl@nationalbank.kz электрондық поштасына жолдауға болады.

Бөліп төлеу рәсімдегенде нені ескеру керек?

Ұлттық банк азаматтарға бөліп төлеу шартын жасамас бұрын оның талаптарын мұқият оқып, өз қаржылық мүмкіндігін бағалауға кеңес береді.

Ең алдымен, мына жайттарды нақтылап алған жөн:

Сондай-ақ шарттың көшірмесі мен төлем кестесін сақтап қойған дұрыс.

Ұлттық банктің ұстанымы бойынша, бөліп төлеу халық үшін қолжетімді төлем тәсілі болып қалуға тиіс. Бірақ оның шарттары тұтынушыға түсінікті әрі қауіпсіз болуы қажет.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Леопард пальтосы сәнге қайта оралды

Тоқаев: Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес

Ақтөбеде студенттің жатақханадан құлап қаза табуына қатысты сот басталды

Тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатындағы кафе мен мейрамханалар сот шешімімен жабылуы мүмкін

Кез келген тілге қарсы шығу – Жаратқанның адамға берген нығметіне қарсы шығумен бірдей – Президент