Синоптиктердің болжамынша, дүйсенбі күні Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Павлодар және Астана қалаларында атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық жағдай қалыптасады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – желсіздік, баяу жел, тұман және температуралық инверсия сияқты қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың үйлесуі. Мұндай жағдайлар атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына әсер етеді.
Еске салайық, бұған дейін 16 қарашада еліміздің бірқатар облысында жауын-шашын түсіп, жел күшейеді. Кей өңірлерде тұман мен көктайғақ болатынын хабарлаған едік.