Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, бұл бастама Мемлекет басшысының педагогтерді қорғау тетіктерін жетілдіру жөніндегі тапсырмасына байланысты қолға алынған.
"Астанадағы iKomek қызметінің үлгісімен колл-орталық ашуды жоспарлап отырмыз. Әр мұғалім осы орталыққа хабарласып, кәсіби және құқықтық мәселелер бойынша кеңес ала алады. Бұл жұмысты 2026 жылдың соңында немесе 2027 жылдың басында іске асыруды жоспарлап отырмыз", – деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова 2026 жылғы 16 қарашада Құрылтайда өткен брифингте мектептегі сабақтардың ұзақтығына қатысты сұраққа жауап берген еді.