Қазақстанда оқушылар факультатив сабақтарға міндетті түрде қатысуы керек пе

Школьник, школьники, ученик, ученики, ученики старших классов, школа, школы, старшеклассники, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2026 19:45 Фото: Zakon.kz
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова 2026 жылғы 16 қарашада Құрылтайда өткен брифингте мектептегі сабақтардың ұзақтығына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер кейбір сыныптардың сабақ кестесінде күніне 7-8 сабақ бар екенін, ал факультативтер көбіне соңғы сабаққа қойылатынын айтты. Олар оқушылардың мұндай сабақтарға қатысуы міндетті ме деп сұрады.

Жұлдыз Сүлейменованың түсіндіруінше, гимназиялар мен лицейлерде факультатив сағаттары қарастырылған. Алайда биылғы оқу жылынан бастап енгізілген бірқатар пән міндетті саналады.

Олардың қатарында "Конституция негіздері", "Заң және тәртіп", "Жеке қауіпсіздік" пәндері бар.

"Бұған дейін бұл пәндер бойынша баға қойылмайтын, тиісінше аралық бақылау да өткізілмейтін. Биылдан бастап осы пәндерге, сондай-ақ бастауыш сыныптардағы "Бейнелеу өнері" мен "Музыка" пәндеріне баға қойыла бастады. Оқу жүктемесіне келсек, біз негізгі пәндерді, яғни балаға қажет базалық дағдыларды, құзыреттер мен академиялық білім беретін пәндерді қалдырамыз. Бұл пәндер міндетті және олар оқытылады", – деп түйіндеді министр.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: