Ақылы біліктілікті арттыру курстарында мәселе бар – Оқу-ағарту министрі

Школьный учитель, учитель, педагог, школьный преподаватель, школа, школьники, ученики, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2026 18:41 Фото: Министерство просвещения РК
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова 2026 жылғы 16 қарашада Құрылтайда өткен брифингте мұғалімдердің ақылы біліктілікті арттыру курстарына қатысты шағымдарына түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жұлдыз Сүлейменова бұл бағытта мәселе бар екенін мойындады.

"Мәселелер бар екенін көріп отырмыз. Қазір біліктілікті арттыру курстарын бизнес өкілдері ұйымдастырады. Сондықтан бұл мәселе өзекті", – деді ол.

Министрдің айтуынша, педагогтер біліктілігін "Өрлеу" ұлттық біліктілікті арттыру орталығында да арттырады.

"Сонымен қатар 200-ге жуық ұйым тізілімге енді. Олар да бәсекелестік негізде педагогтердің біліктілігін арттыра алады. Біз бұл мәселеге қайта ораламыз. Өйткені мен үшін ең маңыздысы – сапа. Қандай курстар өткізілетінін, білімді бағалау мен сертификаттау қалай жүргізілетінін, мұғалімдерге кім сабақ беретінін, яғни оларды қандай тренерлер оқытатынын білгім келеді", – деп түйіндеді Оқу-ағарту министрі.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: