Оқу-ағарту министрі мектеп оқулықтарындағы өзгерістер туралы айтты

Школьные учебники, школьные книги, школьный учебник, школьное образование , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2026 15:05 Фото: akorda.kz
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова 2026 жылғы 26 мамырда Үкіметтегі баспасөз мәслихатында мектеп бағдарламасындағы негізгі өзгерістер туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, кейбір пәндер бойынша оқу сағаттарының саны артады.

"Биыл жоспарға сәйкес 2, 3, 7, 8 және 9-сыныптардың оқулықтары жаңартылады. Сонымен қатар білім беру мазмұны да жаңартылып жатыр, қазіргі таңда мемлекеттік стандарт қайта қаралуда", – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Оның айтуынша, оқушылар жаңа Конституцияның кейбір нормалары мен құндылықтарын да оқитын болады.

"Атап айтқанда, "Қазақстан географиясы" пәніне қосымша екі сағат беріледі. Сондай-ақ жаңа Конституцияның нормалары мен құндылықтары қайта қаралады. 1–4 сыныптарға жасанды интеллект және цифрлық сауаттылық элементтері енгізіледі. Цифрлық сауаттылық бойынша 12 сағат көлемінде жаңа тақырыптар мен жаңа оқу мақсаттары енгізіледі", – деп қосты министр.

Бұған дейін Жұлдыз Сүлейменова БЖБ мен ТЖБ тәжірибесінен біртіндеп бас тарту жоспарланып отырғанын айтқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: