Қазақстанның жаңа Оқу-ағарту министрі ант берді

Қазақстанның жаңа Оқу-ағарту министрі ант берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2025 10:45 Сурет: YouTube/pmkz
Қазақстанның жаңа Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова 2025 жылғы 7 қазанда өткен Үкімет отырысында ант берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отырыстың басында Премьер-министр Олжас Бектенов өткен аптада Жұлдыз Сүлейменованың Оқу-ағарту министрі қызметіне тағайындалғанын еске салып, бүгін оның саяси мемлекеттік қызметші ретінде ресми түрде ант бергенін атап өтті.

"Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз Отанымның гүлдену ісіне бар күш-жігерім мен білімімді арнаймын деп салтанатты түрде ант етемін. Конституция мен заңдарды қатаң сақтауға, барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділдік қағидаттарын ұстануға, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, мемлекеттілікті және еліміздің беделін арттыруға ант етемін", – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Еске салайық, 29 қыркүйек 2025 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Оқу-ағарту министрін ауыстырған болатын. Ал 1 қазан күні Жұлдыз Сүлейменованың депутаттық өкілеттігі тоқтатылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: