Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу-ағарту министрлігі ата-аналардың шағымын тексеріп жатыр

Дистанционное обучение, удаленное обучение, учеба на дому, онлайн-обучение, онлайн обучение, школьники, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2026 13:38 Фото: unsplash
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова 2026 жылғы 8 қыркүйекте Үкіметтегі брифингте Ақтаудағы лицейлердің бірінің қашықтан оқытуға көшуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Әңгіме жөндеу жұмыстарының созылып кетуіне байланысты оқушылары қашықтан білім алуға мәжбүр болған IT-лицей туралы болып отыр.

"Барлық өңір дайын болды. 1, 3 және 4 қыркүйекте селекторлық кеңестер өткізіп, жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқан мектептерді нақты талқыладық. Ақтауда бір ғана осындай жағдай болды. Қалған өңірлердегі барлық мектеп оқу процесін қалыпты режимде бастады", – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Журналистер министрден бұл жағдай үшін кімнің жауапқа тартылатынын сұрады.

"Бұл мәселені білім басқармасымен бірге тексеріп жатырмыз. Қосымша ақпарат береміз", – деді Оқу-ағарту министрлігінің басшысы.

Бұған дейін министр ата-аналар чатындағы қарым-қатынас ережелерін реттеуге уәде берген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: