Уақыты келді – Оқу-ағарту министрлігі ата-аналар чатындағы қарым-қатынас тәртібін реттеуге дайын

Телефон, мобильный телефон, сотовый телефон, смартфон, мобильный интернет, мобильная связь, мобильный оператор, мобильные операторы, социальные сети, соцсети, соцсеть, социальная сеть, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2026 13:46 Фото: pexels
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова 2026 жылғы 8 қыркүйекте Үкіметтегі брифингте ата-аналар чатындағы қарым-қатынасты реттеу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, ата-аналар чатындағы қарым-қатынас тәртібін нақты регламенттеу қажет.

"Қазір осы мәселеге қатысты барлық пікірталас пен түсініктемені жинап жатырмыз. Кейбір ата-аналардың да бұл мәселені жақсы түсініп, қолдайтынын көріп отырмыз. Бастапқыда мұндай чаттарда сағат 18:00-ден кейін мәселелерді талқыламау және хабарламаларға жауап бермеу ұсынылды. Алайда қазір екі ауысыммен жұмыс істейтін мектептер бар, оларда сабақ сағат 20:00-де аяқталады. Сондықтан бұл мәселеде басымдықтың өзгеріп отырғанын байқап отырмыз. Сонымен қатар ата-аналар қандай мәселенің шұғыл екенін, қандай мәселені ата-аналар чатында талқылауға болатынын және нені талқыламауға болатынын түсінеді", – деді Сүлейменова.

Министр ведомствоның бұл мәселені қолға алуға дайын екенін атап өтті.

"Мұғалімдер қандай чаттарға қатысады, ал қай чаттарға қатыспайды – меніңше, мұнда нақты регламент қажет. Біз ата-аналар чаттарына қатысты барлық тәсіл мен жаңашылдықты реттейтін бірыңғай нормаларды әзірлеуге дайынбыз. Оның уақыты келді, бұдан әрі осылай жалғаса бермейді", – деп толықтырды Оқу-ағарту министрлігінің басшысы.

Бұған дейін Сүлейменова жоғары сыныптарда бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалауды алып тастау жоспары туралы айтқан еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: