Қазіргі тәртіп бойынша ғимараттардың жағдайына мүлік иелері бірлестіктерінің (МИБ) және пәтер иелері кооперативтерінің (ПИК) төрағалары жауап береді.
"Қазір бұл мәселеге қатысты заңнамаға өзгерістер енгізу жоспарланып отырған жоқ", – деді Жүнісбеков.
Оның айтуынша, МИБ төрағаларының өкілеттіктері мен міндеттері нақты белгіленген.
"Ғимараттарды техникалық тексеруден өткізетін, осы жұмысты ұйымдастыратын инженер-сарапшылардың да өкілеттіктері айқындалған. Нормативтік-техникалық құжаттарда ғимараттарды тексеру мерзімдері белгіленіп, тиісті ұсынымдар берілген", – деп қосты ол.
Қазақстанда ғимараттарды күрделі жөндеуге кім ақы төлеуге тиіс екені туралы материалдан оқи аласыздар.