Пара алғандар мен алаяқтың 4 млн теңгесі мемлекетке қайтарылды

Фото: Zakon.kz
Прокуратураның наразылығынан кейін кассациялық сот екі қылмыстық іс бойынша заңсыз алынған 4 млн теңгені мемлекет кірісіне өндіріп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірінші іс бойынша әкімшілік жауаптылықтан босатқаны үшін 2 млн теңге пара алған адамдар тобы сотталған. Алайда үкімде пара ретінде алынған ақшаның тағдыры шешілмеген. Прокуратураның наразылығын қараған кассациялық сот бұл соманы мемлекет кірісіне аудару туралы шешім қабылдады.

Екінші жағдайда ер адам азаматты пара беруге көндіріп, алдау арқылы одан 2 млн теңге алған. Бастапқы сот шешімінде бұл қаражаттың да тағдыры көрсетілмеген. Прокуратураның наразылығынан кейін кассациялық сот сот актісін өзгертіп, ақшаны бюджетке өндіріп алды.

Заңнамаға сәйкес, қылмыс жасау нәтижесінде алынған мүлік мемлекет кірісіне айналдырылуға тиіс. Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде екі іс бойынша да заң бұзушылықтар жойылып, жалпы сомасы 4 млн теңге бюджетке қайтарылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әл-ауқатты бағалау калькуляторы қалай жұмыс істейді және пайдаланушылар нені білуі керек

Сабақтан қалу ерекше бақылауға алынады: Қазақстанда 21 қарашадан бастап жаңа ережелер енгізіледі

Атырау тұрғыны смарт-сағат үшін жанжал шығарып, үш жылға сотталды

Студент қыз сегізінші қабаттан құлап, аман қалды

Студенттің қазасынан кейін ҚазҰУ-де кешенді тексеру жүргізіледі