Бұл туралы Іле Алатауы ұлттық паркі хабарлады.
"Есік көліне апаратын жолдың 7-шақырымынан бастап көлік қозғалысы 2026 жылғы 17 қарашадан 2027 жылғы 15 сәуірге дейін тоқтатылды. Бұл учаскемен тек қызмет көрсетуші ұйымдарға, шұғыл қызметтерге және жергілікті тұрғындарға қатынауға рұқсат етіледі. Сапарды жоспарлағанда осы шектеуді ескерулеріңізді сұраймыз", – делінген хабарламада.
Биыл күзде фотограф Есік көлін құс ұшар биіктіктен түсіріп, суреттерін бөліскен еді.