Қазақстанның еңбек нарығында не өзгеруі мүмкін

Завод, производство, люди на производстве, рабочие, цех, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2026 11:46 Фото: Zakon.kz
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бірқатар нормативтік құқықтық актіге өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жобаның мақсаты – кәсіптік оқытуды ұйымдастыру, субсидияланатын жұмыс орындарын құру және грант беру тетіктерін жетілдіру.

Атап айтқанда, министрлік мынадай өзгерістер ұсынды:

  • Кәсіптік оқытуды ұйымдастыруда қазір қолданылып жүрген цифрлық тетікті нормативтік тұрғыдан бекіту. Бұл цифрлық рәсімдерді реттеп, оқытуды ұйымдастыру тәртібінің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
  • Жеке меншік нысанындағы коммерциялық заңды тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге, шаруа немесе фермер қожалықтарына және әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға жыл сайын қатысу құқығын беру.
  • Жұмыс берушілерден келесі қаржы жылына субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға арналған өтінімдерді жыл сайын 1 желтоқсаннан бастап қабылдау.
  • Мемлекеттік мекемелерде қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін құрылатын уақытша жұмыс орындарының санын қайта қарау.
  • Субсидияланатын жұмыс орындарына орналасқан адамдардың жұмысқа келуін күн сайын бақылайтын цифрлық тетік енгізу.

Министрліктің мәліметінше, ұсынылған өзгерістер халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру тетіктерін жетілдіруге, оларды ұйымдастыру тәртібінің ашықтығын арттыруға және мемлекет қаражатының мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Қоғамдық талқылау 4 желтоқсанға дейін жалғасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: