Еңбек министрлігі мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін қызмет құнын өтеу әдістемесін қайта қарайды
Фото: pexels
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғауға қатысты кейбір нормативтік-құқықтық актілерге түзетулер әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұсынылған түзетулер қызмет құнын өтеудің кепілдік берілген мөлшерін есептеу әдістемесін қолданыстағы қағидаларға сәйкестендіруге бағытталған.
Аталған қағидалар жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің қызметін көрсету тәртібін реттейді.
Сонымен қатар түзетулер:
- тауарлар мен қызметтердің құнын өтеу тетігін жетілдіруді;
- әлеуметтік қамсыздандыру сапасын арттыруды;
- қызмет көрсету тиімділігі мен алушылар үшін қолжетімділігін арттыру мақсатында инватакси қызметін ұсыну тәртібін жетілдіруді көздейді.
Құжат "Ашық НҚА" порталында 23 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға орналастырылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript