Біз жасампаз әрі жаңашыл ұлт ретінде түбегейлі жаңғыру жолына бет бұрдық – Тоқаев

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев III Стратегиялық серіктестер форумында жаңа Конституцияның қабылдануын елдегі реформалардың ең басты бөлігі деп атады. Президенттің айтуынша, Ата заңда Қазақстанның мақсат-мұраты мен болашақтағы бейнесі айқын көрініс тапқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Әділетті Қазақстан құрудағы мақсаттың бірі – барша азаматқа тең мүмкіндік беру екенін айтты.

"Біз баршаға бірдей мүмкіндік беретін, адал еңбек пен айрықша жауапкершілік қасиеттерін жоғары бағалайтын Әділетті Қазақстанды құруға кірістік", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент "Таза Қазақстан" жалпыұлттық қозғалысының ықпалымен қоғамда жаңа этика қалыптаса бастағанын атап өтті.

"Біз жасампаз әрі жаңашыл ұлт ретінде түбегейлі жаңғыру жолына бет бұрдық. Реформаларымыздың ең басты бөлігі, бұл – Конституцияның қабылдануы. Азаматтарымыз жалпыұлттық референдумға белсенді қатысып, өз таңдауын жасады", – деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев жаңа Конституцияның заңды күшіне енгенін еске салды. Оның сөзінше, Ата заңда Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігі, жер тұтастығы, сондай-ақ азаматтардың заңды құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің қастерлі құндылығы деп танылды.


"Қоғамда Заң мен Тәртіпті орнықтыру, жалпыұлттық бірлікті бекемдеу, халықтың әл-ауқатын арттыру бұлжымас қағидат ретінде бекітілді. Адам капиталын, білім мен ғылымды, инновацияны дамыту стратегиялық міндет деп белгіленді", – деді Президент.
Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар, көктайғақ, бұрқасын". Бейсенбіде еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

"СҚ-Фармация" сатып алуларындағы отандық дәрілер мен медициналық бұйымдар түрі соңғы үш жылда 42%-ға көбейді

Қоғам қайраткері Мұхтар Құл-Мұхаммедтің кітабы жарық көрді

"Тарихта алғаш рет" – Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Тоқаевқа маңызды келісім туралы айтты

Евро-2028 іріктеу ойындарының жеребесінде Қазақстан төртінші себетке "түсті"