"Конституция ауқымды өзгерістердің жаңа, шешуші кезеңіне жол ашты. Елімізде мемлекеттік басқару жүйесі түбегейлі жаңғырды. Қос палаталы Парламенттің орнына бір палаталы Құрылтай келіп, қазіргі таңда заң жобаларымен айналысуда", – деді Президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты құрылып, ең жоғары консультативтік орган – Қазақстан Халық Кеңесі жұмысын бастады. Тоқаев түбегейлі өзгерістер қоғамның барлық саласын қамтитынын, ал азаматтар реформалардың игілігін қазірдің өзінде көре бастағанын атап өтті.
"Қазақстан реформаларының ерекшелігі, бұл – алдын ала дайындалған жоспарға сәйкес ішкі "темірдей" логиканың болуы, яғни, нақты тәртіп пен сабақтастықтың сақталуы", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент ауқымды өзгерістерге үстірт қарауға болмайтынын айтты.
"Осылайша, түбегейлі реформалар жүргізу арқылы Қазақстан жаңа тарихи өсу, өрлеу дәуіріне қадам басты", – деді Мемлекет басшысы.