Қазақстанда білім гранттарын қаржыландыру 7 жылда екі есеге артты — Мемлекет басшысы

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
III Стратегиялық серіктестер форумында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жылдары Қазақстанда ғылымды қаржыландыру көлемі 590 млн долларға жеткенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы жоғары білімге бөлінген қаражат пен студенттерді жатақханамен қамту мәселесіне де тоқталды.

"Білімге негізделген экономика құру азаматтарымыздың ұзақмерзімді конституциялық міндетіне айналды. Қазіргі және одан кейінгі үкіметтер оны тиісті деңгейде орындауға тиіс", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, бүгінде Қазақстандағы 132 университетте 800 мыңнан астам студент білім алады.

"Соңғы жеті жылда Үкімет білім беру гранттарына бөлген қаржының көлемі екі есе көбейіп, 3,4 миллиард долларға жетті. Сондай-ақ ұдайы артып келе жатқан сұранысты өтеу үшін елімізде 281 студент жатақханасы бой көтерді. Бұл шаруа алдағы уақытта да жалғасады", – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар, көктайғақ, бұрқасын". Бейсенбіде еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

"СҚ-Фармация" сатып алуларындағы отандық дәрілер мен медициналық бұйымдар түрі соңғы үш жылда 42%-ға көбейді

Қоғам қайраткері Мұхтар Құл-Мұхаммедтің кітабы жарық көрді

"Тарихта алғаш рет" – Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Тоқаевқа маңызды келісім туралы айтты

Евро-2028 іріктеу ойындарының жеребесінде Қазақстан төртінші себетке "түсті"