Жемқорлар жауапкершіліктен құтылмайды – Президент

Фото: Zakon.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев III Стратегиялық серіктестер форумында сыбайлас жемқорлыққа кінәлі адамды лауазымы да, сіңірген еңбегі де жауапкершіліктен босатпайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, жемқорларға ешқандай аяушылық немесе рақымшылық болмайды.

"Осы ретте сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргіземіз. Бұл – біздің табанды ұстанымымыз. Бұған дейін айтқанымдай, жемқорларға ешқандай аяушылық немесе рақымшылық болмайды", – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, жемқорлық халықтың сеніміне селкеу түсіреді, елдің дамуына кедергі келтіреді әрі реформалардың нәтижесін жоққа шығарады.

"Сондықтан менің ұстанымым өзгермейді: кінәлілердің ешқайсысы заң жүзіндегі жауапкершіліктен сытылып кете алмайды. Оған лауазымы да, сіңірген еңбегі де, тіпті ықпалды "қамқоршылары" да көмектеспейді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Конституцияда бекітілген "Заң және Тәртіп" қағидатын Әділетті Қазақстан құрудағы басты ұстанымы деп атады. Оның сөзінше, Қазақстан сенімді серіктес ретінде осы қағидаттың елдегі тұрақты, болжамды әрі ашық ортаның негізіне айналуын қамтамасыз етеді.

Тоқаев елдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар әділдік, отаншылдық, толеранттылық, еңбекқорлық, шығармашылық, зайырлылық және прогресс құндылықтарымен сабақтас екенін айтты. Президенттің пікірінше, Конституцияда баршаның заң мен сот алдында тең екенінің айқын жазылуы реформалардың нәтижесін бекемдей түседі.


"Заң алдында бәрі бірдей болуға тиіс. Сонда ғана біз реформаларды соңына дейін жеткізіп, ел-жұртымыздың үмітін ақтай аламыз", – деді Президент.
Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар, көктайғақ, бұрқасын". Бейсенбіде еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

"СҚ-Фармация" сатып алуларындағы отандық дәрілер мен медициналық бұйымдар түрі соңғы үш жылда 42%-ға көбейді

"Тарихта алғаш рет" – Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Тоқаевқа маңызды келісім туралы айтты

Қоғам қайраткері Мұхтар Құл-Мұхаммедтің кітабы жарық көрді

Евро-2028 іріктеу ойындарының жеребесінде Қазақстан төртінші себетке "түсті"