Мемлекеттік корпорация мамандарына қазақстандық азамат жүгініп, банк шоттарына тыйым салынған жағдайда жүргізуші куәлігін ала ала ма деп сұраған. Мамандар куәлік алуға болатынын айтып, қандай талаптар ескерілетінін түсіндірді.
"Егер емтихандарды сәтті тапсырсаңыз және жүргізуші куәлігін беруге шектеу болмаса (мысалы, сот шешімімен көлік жүргізу құқығынан айырылмаған болсаңыз), банк шоттарыңызға тыйым салынғаны куәлік беруден бас тартуға негіз болмайды", – деп түсіндірді мемлекеттік корпорация.
Қарашаның басында қазақстандықтарға жүргізуші үшін ең маңызды құжаттардың бірін қалай қалпына келтіруге болатыны түсіндірілген еді.