Құрылтай жанындағы жаңа алаң жастардың елдің қоғамдық өміріне белсенді қатысуына жол ашады

Сурет: Құрылтайдың баспасөз қызметі
Құрылтай отырысында I шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының жанынан Жастар кеңесін құру туралы шешім қабылданды. Мұндай бастаманы Құрылтай депутаты Дана Медеуова көтерді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында "Мен ұлтымыздың көшін алға бастай алатын отаншыл азаматтарға зор үмітпен қараймын", – деп атап өткен болатын. Жастар кеңесін құру осы әлеуетті іске асырудың тетіктерінің біріне айналады.

Жаңа алаң еліміздің белсенді жастарын біріктіріп, олардың бастамаларын ілгерілетуге және депутаттық корпуспен, соның ішінде заң шығару мәселелері бойынша тікелей диалог орнатуға мүмкіндік береді.

Сурет: Құрылтайдың баспасөз қызметі

Кеңес құру қажеттілігі ел дамуындағы жас ұрпақтың айрықша рөлімен байланысты. Бүгінде Қазақстанда 14 пен 35 жас аралығындағы 6 миллионға жуық азамат тұрады. Бұл – ел халқының шамамен үштен бірі. Жас қазақстандықтар әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып, экология, білім беру, цифрландыру және отбасыларды қолдау салалары бойынша түрлі ұсыныстар беріп келеді.

Алайда көптеген бастама қажетті қолдауға ие болмай, өңірлік деңгейден аса алмауда. Кеңес қызметінің негізгі бағыттарының бірі халықаралық жастар ынтымақтастығын дамыту және қазақстандық жастардың бастамаларын әлемдік алаңдарда ілгерілету болмақ.

Сурет: Құрылтайдың баспасөз қызметі

Кеңестің құрылу және жұмыс істеу тәртібі тиісті Ережемен айқындалады. Оның құрамына депутаттар, жастар ұйымдарының өкілдері, өңірлік белсенділер мен жас мамандар кіріп, барлық өңірдің кеңінен өкілдік етуі қамтамасыз етіледі.

"Жас толқынның жігері, бастамашылдығы мен кәсіби әлеуеті қазірден сұранысқа ие болуы маңызды. Жастар өз идеяларын ұсынып қана қоймай, оларды жүзеге асыруға қатысуға, қоғамдық маңызы бар шешімдерді қабылдауға үлес қосуға мүмкіндік алуы тиіс", – деп атап өтті Дана Медеуова.

Сурет: Құрылтайдың баспасөз қызметі

Осылайша, Құрылтай жанындағы Жастар кеңесі жастар мен мемлекет арасындағы тұрақты диалог алаңына айналып, өңірлерден келіп түсетін бастамалармен жүйелі жұмыс жүргізуге және жастардың Қазақстанның қоғамдық өміріне белсенді қатысуына жол ашады.

Қазақстан
Құрылтай
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда атом нысандарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар бекітілді

Қазақстан алғаш рет БҰҰ рейтингінің үздік 20 елі қатарына және ең жоғары рейтингілік топқа енді

Мемлекет басшысы Парламентаралық одақтың президенті Милтон Дикті қабылдады

"Күн жауын-шашынды болады". Еліміз бойынша 20 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Путин, Си Цзиньпин және Трамп бейбітшілік туралы декларацияға қол қойды