Қар жауып, жел күшейеді, тұман түседі – "Қазгидромет" демалыс күндеріне болжам жасады
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алдағы демалыс күндері және дүйсенбіде, яғни 2026 жылғы 21–23 қараша аралығында Қазақстанда күн райы құбылмалы болады. "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің болжамына сүйенсек, ел аумағында жауын-шашын, көктайғақ, екпінді жел мен тұман күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, тек елдің шығысында ғана күн негізінен жауын-шашынсыз болады.
"Алдағы күндері солтүстік-батыстан бірінен соң бірі келетін циклондар Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына әсер етеді. Алдымен батыс өңірлерде, кейін елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде күн райы құбылып, жаңбыр мен қар жауады. Елдің солтүстігінде көктайғақ күтіледі", – деп хабарлады "Қазгидрометтің" баспасөз қызметі.
Сондай-ақ ел аумағында жел күшейіп, тұман түседі.
"Ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді", – делінген болжамда.
Бұған дейін синоптиктер 2026 жылғы 20 қарашада Қазақстанда ауа райы күрт нашарлайтынын ескерткен еді. Осыған байланысты елдің 17 облысында дауылды ескерту жарияланды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript