Президенттің айтуынша, Аграрлық кредиттік корпорация мен "ҚазАгроҚаржының" қолданыстағы инвестициялық құралдарында бірқатар мәселе бар. Атап айтқанда, өтінімдерді қарау ұзаққа созылады, рәсімдеу тәртібі күрделі және цифрландыру деңгейі жеткіліксіз.
Осыған байланысты Үкіметке "Бәйтерек" холдингімен және қаржы нарығын реттеуші органмен бірлесіп, агросекторға арналған инвестициялық құралдардың бірыңғай тізбесін әзірлеу тапсырылды.
Мемлекет басшысы бұл жұмысты 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін аяқтап, тиісті ұсыныс енгізуді міндеттеді.