Президент: "Шынайы отаншылдық адамдарға қамқорлықтан көрінеді"

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2026 16:00 Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың әл-ауқаты мен ұлттық мүддені жеке басының қамынан жоғары қоятын мемлекетшіл тұлғалар қажет екенін айтты. Сондай-ақ шынайы отаншылдықтың мәніне тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, отаншылдық адамдарға қамқорлық жасаудан және кейінгі ұрпақтың игілігі үшін еңбек етуден көрінеді.

"Бақ-дәулет келеді де кетеді, ал соңыңда жасаған ісің мен жақсы атың қалады. Соның бірі – ертең адамдар, келер ұрпақ игілігін көретін әлеуметтік инфрақұрылымдар", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы қоғамда заң үстемдігін қамтамасыз ету үшін азаматтардың берік моральдық ұстанымдары болуы керегін атап өтті.

Осыған байланысты жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыру және "Таза Қазақстан" тұжырымын дәріптеу маңызды екенін жеткізді.

Президенттің пікірінше, тазалық тек қоршаған ортадан ғана емес, азаматтардың ниет-пиғылынан, сөзінен және іс-әрекетінен де көрініс табуы керек.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: