Президенттің айтуынша, бұл бағытта ұзақмерзімді келісімшарттар әзірлеу, тиімсіз талаптарды қысқарту және отандық өндірушілерге тең жағдай жасау мәселелерін шешу қажет.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптар қатаң сақталуы керегін атап өтті. Ол мемлекет алдағы уақытта да бұл салаға қолдау көрсететінін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінің соңында Қазақстанның Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында елдің жүріп өткен жолына тоқталды.
Президент осы кезеңде Қазақстанның көптеген сынақтан өтіп, мемлекеттілігін нығайтқанын және халықаралық беделін арттырғанын айтты.
"Біз Қазақстанды бәсекеге қабілетті озық ел ретінде дамыту үшін әлі де белсенді әрі табанды жұмыс істей береміз", – деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ ол өскелең ұрпақ алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, ауқымды реформаларды жүзеге асыру жалғасатынын атап өтті.