Президенттің сөзінше, "Халықтық құрылыс" бағдарламасы, сыбайлас жемқорлықпен күрес, мемлекеттік басқару жүйесін реформалау және қоғамда жаңа жасампаз құндылықтарды орнықтыру – ауқымды жұмыстың бастауы ғана.
Мемлекет басшысы ел дамуының орта және ұзақмерзімді перспективасына арналған жоспарлары бар екенін атап өтті.
"Мемлекетіміздің Егемендігін, Тәуелсіздігін қорғауға қатысты кейбір мәселе түбегейлі шешімін таппады. Мен ол жөнінде халыққа арнаған Жолдауымда айтқанмын. Тоқмейілсіп, бейқам жүрудің жөні жоқ. Мұны жақсы түсінуіміз керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ Президент Мемлекет басшысының басты міндеті жүйелі әрекет ету, көздеген мақсатынан айнымау және ел тағдырына қатысты маңызды шешімдер үшін жауапкершілік алу екенін жеткізді.
"Еліміздегі өзгерістердің қарқын алғаны қуантады. Ол енді тоқтамайды", – деп түйіндеді Мемлекет басшысы.