Депутат мемлекеттік сатып алу тәртібін және ұлттық компаниялардың сатып алу рәсімдерін қайта қарауды ұсынды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 23 қарашада Құрылтайдағы Үкімет сағатында депутат Дания Еспаева отандық өңдеу өнеркәсібін қалай дамытуға болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Еспаеваның айтуынша, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы сатып алулар, сондай-ақ ұлттық компаниялар мен жер қойнауын ірі көлемде пайдаланушылардың сатып алулары отандық өндірісті дамытудың нақты құралына айналуға тиіс.

"Жеткізушіні таңдағанда ең төмен бағамен қатар өнімнің сапасын, жеткізілімнің сенімділігін, қазақстандық қамтудың нақты үлесін және ел экономикасына тигізер әсерін ескеру қажет. Бұл ретте сапа мен қауіпсіздік талаптары сақталып, ешбір жеткізушіге негізсіз артықшылық берілмеуге тиіс", – деді депутат.

Еспаева сатып алынатын өнімнің белгілі бір бөлігін отандық өндірушілерден алуды алдын ала қарастыру, олармен ұзақ мерзімді офтейк-келісімшарттар жасасу және сол келісімшарттардың орындалуына құқықтық кепілдік беру қажет екенін айтты.


"Тапсырыс берушіге келісілген шарттарды біржақты өзгертуге, сатып алу көлемін қысқартуға немесе жеткізілген өнімнің ақысын кешіктіруге жол беруге болмайды. Мұндай жағдайда отандық өндіруші тұйыққа тіреледі. Өндіріс көлемін ұлғайтпай, өнімнің өзіндік құнын төмендете алмайды. Ал сұранысқа кепілдік болмаса, өндірісті ұлғайту да мүмкін емес. Салдарынан тапсырыс беруші импорттық өнімді сатып ала береді, ал Қазақстан өнеркәсібін дамытуға жұмсалуы мүмкін қаражат шетелге кетеді", – деді Дания Еспаева.

Бұған дейін Дания Еспаева Қазақстанда өңдеу өнеркәсібінің толыққанды дамуына не кедергі болып отырғанын айтқан еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады