"Параграф" ақпараттық жүйесі мына салықтар мен төлемдерді төлеу қажет екенін еске салады.
2026 жылғы 25 қарашаға дейін
Ұсынылған шетелдік персоналдың кірістерінен жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу қажет.
2026 жылғы 25 қарашада жұмыс күні аяқталғанға дейін төмендегі салықтар мен төлемдерді төлеу қажет.
2026 жылғы қазан айы үшін
- Резиденттер мен бейрезиденттердің кірістерінен төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығы (КТС) және жеке табыс салығы (ЖТС)
- Әлеуметтік салық
- Бірыңғай төлем
- Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар
2026 жылғы қараша айы үшін
- Корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер
- Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы
2026 жылдың үшінші тоқсаны үшін
- Қосылған құн салығы (ҚҚС)
- Экспортқа рента салығы
- Төлем сомасы 10 000 АЕК-тен асқан жағдайда тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлем
- Пайдалы қазбаларды өндіру салығы
- Мемлекет атынан алушының салықтарды заттай нысанда төлеу есебіне ағымдағы төлемдері
- Ойын бизнесі салығы
- Мүлік салығы
- Жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы
- Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы
- Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы
- Цифрлық майнинг үшін төлемақы
- Рұқсат 2026 жылғы қазанда алынған болса, радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы