Қыз Астана – Дубай бағыты бойынша рейске тіркеліп жатқан кезде әуе компаниясының қызметкері одан тыйым салынған заттардың бар-жоғын сұраған. Бұған бойжеткен әзілдеп: "Қару бар" деп жауап берген.
"Ол бұл сөзі арқылы айналасындағыларды құрметтемейтінін көрсетіп, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзған. Сот азаматшаның әрекетін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша саралады", – деп хабарлады 2026 жылғы 23 қарашада Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының баспасөз қызметі.
Сот бұған дейін бойжеткеннің құқық бұзушылық жасамағанын және жасының кішілігін ескерді. Нәтижесінде оған 86 500 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайбергеннің Богота әуежайында қалай қарсы алынғанын көрсеткені хабарланған болатын. Ол 2026 жылғы 21 қарашада Колумбия астанасына алғаш рет барған.