Қазақстанда байланыс саласына салынатын инвестиция үш жылда 1,3 трлн теңгеден асады

Фото: pexels
2026 жылғы 24 қарашада Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев үш жыл ішінде Қазақстанның телекоммуникация саласына салынатын инвестиция көлемі 1,3 трлн теңгеден асатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Мәдиевтің айтуынша, телекоммуникация саласын дамыту – Қазақстанның цифрлық трансформациясына ықпал ететін негізгі факторлардың бірі.

"Мақсатымыз – цифрлық теңсіздікті жою және барлық азаматқа цифрландырудың игілігін бірдей көруге мүмкіндік беру. Байланыс саласы тұрақты өсіп келеді. Биыл жыл қорытындысы бойынша салаға кемінде 500 млрд теңге инвестиция салынады деп күтеміз. Осылайша, үш жылдағы инвестицияның жалпы көлемі 1,3 трлн теңгеден асады. Соңғы екі жылда мобильді интернеттің орташа жылдамдығы секундына 73,6 мегабиттен 93,4 мегабитке дейін өсті", – деді Жаслан Мәдиев.

Министрдің айтуынша, ведомство болжамы бойынша биыл интернет-трафик көлемі 2024 жылғы көрсеткіштен екі еседен де көп болады.

2026 жылғы 29 қазанда Қазақстанда ұшаққа жоғары жылдамдықты Wi-Fi жүйесі орнатылғаны белгілі болды. Бұл жүйе жолаушыларға ұшу кезінде де байланыста болуға мүмкіндік береді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев халықтық цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлыққа қол қойды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды