Жаяу жүргіншілер өте алады, көліктерге шектеу қойылады: 25 қарашадан бастап Қырғызстанмен шекарада не өзгереді

Фото: gov.kg
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы "Сыпатай батыр" өткізу пунктінде заманауи тексеру кешені салынады. Бұл туралы Zakon.kz ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Министрліктің мәліметінше, құрылыс-монтаж жұмыстары 2026 жылғы 25 қарашада басталады.

"Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құрылыс кезінде Қазақстан жағындағы "Сыпатай батыр" және Қырғызстан жағындағы "Чалдыбар" өткізу пункттері арқылы көліктің барлық түрінің қозғалысы уақытша шектеледі", – деп хабарлады Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Алдын ала болжам бойынша құрылыс шамамен алты айға созылады. Осы уақыт ішінде жаяу жүргіншілер шекарадан өте алады.

"Жаяу жүргіншілер үшін құрылыс алаңы мен құрылыс техникасы жүретін аумақтан тыс жерде қауіпсіз уақытша бағыттар ұйымдастырылады", – деп нақтылады министрлік.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы көлік қатынасы үзілмеуі үшін тасымалдаушылар "Қордай", "Қарасу", "Ауқатты", "Сортөбе" және "Айша бибі" өткізу пункттерін пайдалана алады.

Министрлік азаматтар мен тасымалдаушылардан жол бағытын жоспарлағанда уақытша шектеулерді ескеруді сұрады.

Бұған дейін, 2026 жылғы 4 қарашада, Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі екі елдің шекарасындағы "Жібек жолы" өткізу пунктінің техникалық тұрғыдан пайдалануға дайын екенін хабарлаған еді. Алайда сыртқы инфрақұрылымға қатысты жұмыстарды аяқтау қажет болғандықтан, пункттің ашылатын нақты күні әзірге белгісіз.

Қазақстан
Қырғызстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев халықтық цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлыққа қол қойды

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Күйік асуындағы жол жөндеуінен бюджетке 191 млн теңге қайтарылды

Алматы әкімі Ішкі саясат басқармасының жаңа басшысын тағайындады