Өмір үшін 101 күндік күрес – Алматы дәрігерлері ана мен шала туған сәбиін аман алып қалды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда салмағы небәрі 990 грамм болып туған сәби 75 күн жансақтау бөлімінде жатты. Өмірінің 101-күні оның салмағы 2 келі 523 грамға жетті. Қазір анасы мен қызы үйге шығуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жүкті әйел ауыр преэклампсиямен Алматыдағы №2 қалалық перинаталдық орталыққа шұғыл жеткізілген. Ана мен баланың өміріне қауіп төнгендіктен, дәрігерлер дереу кесарь тілігін жасаған.

Қыз бала жүктіліктің 31-аптасында дүниеге келген. Құрсақта дамуы тежелген сәбидің туған кездегі салмағы 990 грамм, бойы 31 сантиметр болған.

Сәбиге өмірінің алғашқы минуттарынан бастап қарқынды ем қажет болды. Ол жаңа туған нәрестелерге арналған жансақтау бөлімінде 75 күн жатты. Осы уақыттың 56 тәулігінде сәби өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Тағы 15 күн бойы дәрігерлер оның тыныс алуын СИПАП аппаратының көмегімен қолдады.

Сәбидің кеуде қуысына сұйықтық жиналғандықтан, дәрігерлер неонаталдық хирургпен бірлесіп қосымша ем жүргізді. Нәресте бронх-өкпе дисплазиясына байланысты да ем алды.

Дәрігерлер мен мейіргерлер сәбидің жағдайын тәулік бойы бақылап, емін жалғастырды. Біртіндеп оның жағдайы жақсарып, салмақ қоса бастады.

Көзіне жас алған ана өзінің де, қызының да өмірін сақтап қалған медицина қызметкерлеріне алғыс айтты. Ол орталық басшылығына, дәрігерлер мен мейіргерлерге осы күндері көрсеткен қамқорлығы мен қолдауы үшін ризашылығын білдірді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев халықтық цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлыққа қол қойды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды