Қазақстанның сегіз облысында желдің жылдамдығы 30 м/с-тан асуы мүмкін

Фото: unsplash
"Қазгидромет" синоптиктері 26-27 қараша күндері Қазақстанның сегіз облысында қатты жел соғатынын ескертті. Кей өңірлерде жел екпіні секундына 30 метрден асып, қауіпті деңгейге жетуі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысында 26 қарашада солтүстік-батыс және батыс бағыттан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Облыстың батысында, солтүстігі мен шығысында жел екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетіп, кей жерлерде 30 м/с-тан асуы ықтимал.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында екі күн бойы қатты жел соғады. 26 қарашада оның екпіні 30 м/с-тан асуы мүмкін. 27 қарашаға қараған түні аталған облыстардың батысы, солтүстігі мен шығысында да жел осындай күшке жетеді. Көкшетауда 26 қараша күндіз және 27 қарашаға қараған түні жел екпіні 30 м/с-тан жоғары болады.

Павлодар облысында 27 қарашада жел күшейеді. Ал Қарағанды облысында 26-27 қарашада екпінді жел соғады. Әсіресе 27 қарашаға қараған түні кей жерлерде желдің жылдамдығы 30 м/с-тан асып кетуі мүмкін.

Түркістан облысының бірқатар ауданында 26 қарашада жел екпіні 30 м/с-тан жоғары болады. Қатты жел Жамбыл облысы мен Тараз қаласында да болжанып отыр. Бұл өңірлерде жел 26 қараша күндіз күшейеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады