Сәрсенбіге арналған жол болжамына сәйкес, мына өңірлерде қар аралас жаңбыр мен қар жауады:
- Ақтөбе облысында;
- Атырау облысында;
- Қостанай облысында;
- Батыс Қазақстан облысында;
- Шығыс Қазақстан облысында;
- Абай облысында.
"Республикалық маңызы бар автожолдардың жекелеген учаскелерінде көріну қашықтығы нашарлап, жол жабығы тайғақ болуы мүмкін", – деп ескертті мамандар.
Осыған байланысты жүргізушілерге:
- ауа райы жағдайын ескеру;
- қауіпсіз арақашықтықты сақтау;
- жолдың жағдайына қарай жылдамдықты таңдау;
- көлікті күрт бұрмау ұсынылады.
"Республикалық маңызы бар автожолдардың жай-күйі туралы өзекті ақпаратты тәулік бойы 1403 нөмірі арқылы білуге болады", – деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" өкілдері.
Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер 2026 жылғы 25 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде қар, көктайғақ, жаңбыр және қалың тұманға байланысты дауылды ескерту жариялаған болатын.