"Қытай университеттерінің бакалавриат бағдарламаларына түскісі келетін барлық шетелдік талапкер CSCA емтиханын (академиялық даярлықты бағалау тестін) тапсыруға міндетті. Оқуға өтініш берген кезде 2026 жылғы қарашада немесе желтоқсанда тапсырған емтиханның нәтижесін растайтын жарамды сертификатты ұсыну қажет", – делінген BOLASHAK NEWS Telegram-арнасындағы ресми хабарламада.
Емтихан 2026 жылғы 19–20 желтоқсанда өтеді. Емтиханға тіркелу 25 қарашада басталды және 2 желтоқсанға дейін жалғасады.
Орталық талапкерлерге қандай пәндерден емтихан тапсыру керегін өздері таңдаған университеттен нақтылауға кеңес берді. Сондай-ақ емтиханды өткізіп алмау үшін оны тапсыратын күнді алдын ала таңдап, белгіленген мерзімде тіркелген жөн.
Емтиханға өтініш беріп, толық ақпаратпен ресми сайттан танысуға болады.
Бұған дейін, 2026 жылғы 12 қарашада, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек "Болашақ" бағдарламасы бойынша шетелдік жоғары оқу орындарына түсу тәртібін қайта қарау жоспары туралы айтқан еді.