Алматыда Сәтбаев көшесіндегі ірі шыршалар саябақтар мен гүлзарларға көшірілді

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда жер учаскесінің иесі Сәтбаев көшесінің бойында, Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінің қарсы бетінде өсіп тұрған ірі шыршаларды кесуді жоспарлаған. Қала әкімдігі мәселені қарап, ағаштарды сақтап қалу үшін басқа жерге көшіріп отырғызу туралы шешім қабылдады.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 26 қарашада шыршалардың қаланың саябақтары мен гүлзарларына көшіріп отырғызылғанын мәлімдеді. Әкімдіктің түсіндіруінше, ағаштар бір-біріне тым жақын өскендіктен, олардың толық өсіп-жетілуіне орын жетпеген.

"Жұмысты жер учаскесіне иелік ететін заңды тұлға қаржыландырды. Шыршаларды көшіріп отырғызу кезінде барлық қажетті агротехникалық талаптар сақталды. Олардың орнына жаңа ағаштар отырғызу көзделген", – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, бұл шара қаладағы жасыл желекті сақтауға және көгалдандырылған аумақты ұлғайтуға бағытталған.

24 қарашада Алматы тұрғыны Қастеев музейінің қарсы бетіндегі шыршалардың маңында коммуналдық қызметкерлердің жұмыс істеп жатқанын көрген. Ағаштарды кескелі жатыр деп алаңдаған ол қала әкімдігінен түсініктеме сұраған. Сол күні қалалық Экология және қоршаған орта басқармасы шыршаларды басқа жерге көшіріп отырғызып жатқанын хабарлаған еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы жеке концерті аншлагпен өтті

Алматыда қар жауып, күн суытады, Астана мен Шымкентте жаңбыр жауады: үш күнге арналған ауа райы болжамы

Тоқаев мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекітті

Қазақстанға циклон жақындап келеді: 26 қарашада қар, жаңбыр жауып, жел күшейеді

Алматыда бес адамның өмірін қиған өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды