Порнографиялық видеоға байланысты жасөспірімдердің ата-аналары жауапқа тартылды

Фото: Zakon.kz
Әлеуметтік желілерде порнографиялық сипаттағы видеоның таралуына байланысты полиция қылмыстық іс қозғады. Кәмелетке толмағандардың кім екені анықталып, олар ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жасөспірімдердің қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Олар профилактикалық есепке қойылды. Ал ата-аналары балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылды.

Бұдан бөлек, видеоны әлеуметтік желілерде тарату дерегі бойынша жеке қылмыстық іс қозғалды. Құқық бұзушылыққа себеп болған жағдайлар мен себептерді жою туралы ұсыныстар білім басқармасы мен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жолданды.

Полиция порнографиялық материалдар мен өзге де заңға қайшы контентті таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Тергеу жалғасып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қырғызстандық студенттерді заңсыз криптовалюта операцияларына тартқан

Бас прокуратура мәслихат сайлауы қарсаңында мәлімдеме жасады

27 қарашадағы валюта бағамы – Астана мен Алматының ақша айырбастау пункттеріндегі баға

Алматыда бес адамның өмірін қиған өрт туралы жаңа мәліметтер белгілі болды

Тоқаев AI Journey 2026 халықаралық жасанды интеллект конференциясында не айтты