"Қазатомөнеркәсіптің" ұсталған басшылары екі айға қамауға алынды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2026 19:20 Фото: Zakon.kz
"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясының өндіріс жөніндегі бас директоры Қ. Омарбеков пен департаментінің бас менеджері Е. Байқұлов екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 26 қарашада тергеу сотының санкциясымен Қ. Омарбеков пен Е. Байқұловқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.

Бұл шешім тағылған айыптың сипаты мен ауырлығын ескере отырып қабылданған. Сондай-ақ тергеу барысында ықтимал сыбайластар мен куәларға қысым көрсетуге, дәлелдемелерді және қылмыстық жолмен алынған мүлікті жасыруға жол бермеу мақсаты көзделген.

Қазір істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған процестік әрекеттер жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.

Еске салайық, бұған дейін "Қазатомөнеркәсіп" басшылары ұсталғаннан кейін мәлімдеме жасаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: